Қоғам

Облыс әкімі мереке қарсаңында соғыс ардагері Минигуль Кряжевскихті үйіне барып құттықтады

 

Минигуль Кряжевскихтің жасы 90-нан асса да әлі тың. Том-том кітап оқып, сөзжұмбақ шешеді. Тек кейде денсаулығы сыр беріп қалады. Өйткені, қарт ана Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы снарядтың жарықшағы басына тиіп, ауруханада 4 ай жатып шыққан екен.

 

Минигуль Кряжевских, Ұлы Отан соғысының ардагері:

-90 жыл деген қазір өте ұзақ уақыт. Барлығын айтып берсем, оған уақыт жетпейді ғой. Басымыздан небір қиын шақтарды өткердік. Майдан даласында 3 жыл 9 ай радисттің міндетін атқардым. Сталинградта да болдым. Жеңісті Чехославакияның Прага қаласында қарсы алдық. Бірнеше орден мен медальдарым бар.

 

Минигуль Кряжевских – 3 қыздың анасы, 5 немере мен 3 шөберенің әжесі. Үлкен қызы Владивосток қаласында, ортаншысы – Америкада, ал кішісі Германияда тұрып жатыр екен. Немерелерім жиі келіп тұрады. Тек кейде жалғыздықтан жалығамын дейді. Содан болар бір топ журналиспен көсіле әңгімелесіп, облыс әкімінің құттықтауын тағатсыздана күтіп отырғанын жасырған жоқ. Өйткені, өңір жетекшісі қарияны назарсыз қалдырған емес. Бұл жолы да Самат Ескендіров Минигуль Кряжевскихті аналар мерекесімен құттықтап, сый-сыяпатын тарту етті.

Майдангер әжейді 8 Наурыз мерекесімен ертең енді немерелері келіп құттықтайды.

 

Данаш Хамзина