Аптадағы маңызды жаңалықтар

Көктемнің алғашқы мерекесімен солтүстікқазақстандық әйелдерді облыс әкімі Самат Ескендіров құттықтады

 

Әйел адам бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деп бекер айтылмаған. Оны өздерінің төл мерекелерінде мына залға жиылған нәзік жандардан айқын аңғаруға болады. Олардың әрқайсысының еліміздің, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан тамшыдай болсын үлесі бар деп атап көрсетті алқалы жиынды ашқан өңір басшысы.

Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы Елбасының тапсырмасына бірінші болып үлес қосқандар да әйел азаматшалар. Қарадомалақтарды көбейту де осы жандарға жүкетелген болатын. Қыз- келіншектер ол міндетті абыроймен атқарып жүр. Салтанатты шара барысында -7, одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп жеткізген аналар “Алтын алқа”, “Күміс алқамен” марапатталды. Мұндай бақытқа бөленген батыр аналардың саны алтау.

Салтанатты шара барысында сондай-ақ еліміз бен облысымыздың экономикалық дамуына үлес қосқан азаматшалыр ескерусіз қалмады. Еңбегімен ерекшеленгендер өңір басшысының құрмет грамоталары мен алғас хаттарына ие болды. Солардың бірі Бескөл ауылындағы «Парасат» мектеп – лицейінің мұғалімі Сәбира Ыбыраева.

Салтанатты шара соңы жергілікті және “Бүкіләлемдік өнер таланттары” қоры  әртістерінің концерттік бағдарламасына ұласты

 

Самат Есмағи