Мәдениет

Іскер әйелдерге арналған фотосуреттер көрмесі ашылды

Нәзіктік пен әсемдіктің мейрамы. Бүгінгі көрме залында солтүстікқазақстандық іскер әйелдердің суреттері ілінген. Олардың әрқайсысы өз саласында жетістікке жеткен іскер жандар.

 

Майра Сибанова, “СҚО Жамбыл ауданының іскер әйелдер қауымдастығы” ҚБ төрайымы:

-Біздің еңбегімізді елегендеріне облыстық қызметкерлерге және іскер әйелдер төрайымы Бахытжан Мағжановнаға. Екіншіден барлық әйелдерді, іскер әйелдерді де, бала бағып отырған әйелдерді де, барлық жер бетіндегі, қазақстандық әйелдерді де келе жатқан 8 март халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

 

Көрмеге 50 шақты бұрымды жерлесіміздің суреті қойылған. Үйде отбасының ұйытқысы, еңбекте ұжымның алды болып жүрген бұл залдағы әйелдер өзгеге үлгі боларлық. Нәзік жандыларды көктемнің алғашқы мерекесімен ер-азаматтар да құттықтады.

 

Гюлага Илдрымов, СҚО мәслихатының депутаты:

-Бүгіндері нәзік жандылардың қолынан келмейтін ісі жоқ, барлық қызметте табысты жұмыс жасауда. Соның ішінде облыстағы әйелдердің де алар орны бөлек. Жұмыспен отбасын қатар алып, өздерінің белсенділігін бизнесте де көрсетіп жүр.

 

Жалпы мұндай іскер әйелдер көрмесі қаламызда 2-ші жыл қатарынан өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар осылайша, олардың жүріп өткен жолын өсіп келе жатқан кішкентай қыздарға үлгі етпекші. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Бақыт Сәдуақасов