Қоғам

Саналы ғұмырын жетім балаларды тәрбиелеуге арнаған педагог

 

Людмила Татаркинаның мектеп-интернатта тәрбиеші болып жүргеніне 20 жылға таяп қалыпты. Осы уақыт аралығында талай бүлдіршінге тәрбие беріпті. Әрине, бала үшін ата-ананың алар орны бөлек. Десе де ана орнына ана, әке орнына әке болып жүрген Людмила Николаевна балаларға жан жылуын сыйлауда.

 

Людмила Татаркина,  жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат тәрбиешісі:

-Мен осы мамандықтың иесі атануды бала кезімнен армандадым. Бүлдіршіндерді бөліп-жарған кезім болған емес. Маған барлық бала ыстық.

 

Мектеп-интернаттағы “Балапан” жанұясында бұл күндері 16 бала тәрбие алып жүр. 7 мен 10 жастағы  бүлдіршіндерге 5 тәрбиеші қамқорлық жасайды. Күнделікті балалардың жағдайы мен денсаулығын назарда ұстау да тәрбиешілердің мойнында.

 

Жазира Ғабдулина, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-Біз қазір 9-шы “Балапан” отбасында отырмыз. Мұндағы балалардың жастары кіші болғандықтан, оларға ерекше қамқорлық қажет. Людмила Николаевна әр бүлдіршінге көңіл бөлетін жан. Жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Жас мамандарға да өзінің білген-түйгенін үйретіп жүр.

 

Шағын отбасындағы балалар да Людмила Николаевнаны ерекше құрмет тұтады.

 

Снежана Ткаченко, жетімдер мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі:

-Людмила Николаевна бізге үй тапсырмаларын орындауда көмектеседі. Жүрегі жылы, жақсы адам.

 

Татьяна Горбушева, жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі:

-Ол кісі үнемі бізге көңіл бөліп, қиын кездері демеу болады. Мейірімді жан.

 

Көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында тәрбиеші солтүстікқазақстандық нәзік жандарға өз игі тілегін де білдірді.

 

Людмила Татаркина, жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиешісі:

-Көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен барша әже-аналар мен қыз-келіншектерді келе жатқан айтулы күнмен құттықтағым келеді. Отбастарына амандық-саулық тілеймін.

 

Осы күні мектеп-интернатта 7- 18 жас аралығындағы 157 бала тәлім-тәрбие алуда.

 

Бақыт Сәдуақасов