Мәдениет

“Наурыз” фотокөрмесі

 

Міне осылай, Станислав Кузьминнің суреттері дүниеге келеді. Ең алдымен Анна Еднерал модель қыздардың денесіне түрлі суреттер салады. Ал фотограф оны ыңғайлы, әдемі ортада фотоға түсіреді. Жалпы бұл өнермен Станислав Кузьмин 5 жылдан астам уақыт айналысып келеді.

 

Станислав Кузьмин, фотограф:

Суреттерде Петропавл қаласы қыздарының түрлі эмоциялары мен бейнелері көрсетілген. Көрікті, модель қыздардың барлығына біздің студияның визажист, стилистері, шаш сәндеушілері көмектеседі.Солай біз суреттерге ортақ әдемі реңк береміз.

 

Бүгінгі көрмеде фотографтың «Балет әлемі», «Менің модельдерім», «Стильді бейне» атты сериясынан 40- тан астам фотосуреттері қойылған. Әйел бейнесі шығармашылық, жанрлық, әртістік қырынан ашылған түрлі туындылар көрермендер көңілінен шықты.

 

-Көрме маған ұнады. Өте әдемі. Фотографтың ойы іске асыпты. Тақырып жақсы ашылған.

– Өзіндік ерекшелігі бар көрме. Әйелдер мерекесі қарсаңында осындай әдемі суреттер жайғасыпты. Өте қызықты.

 

Алдағы уақытта фотограф әлеуметтік тақырыптарға жобалар дайындап, көрме ұйымдастырмақ.

 

Мағжан Ахмадина