Мәдениет

Петропавлда Роза Рымбаеваның жеке концерті өтті

 

 

“Жан анам” атты концертін Роза Қуанышқызы 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай өткізіп отыр. Сахна шымылдығын белгілі композитор Еркін Ынтықбавтың “Ақордам-Астанам” әнімен ашты.

Сахна төрінде қалың елге таныс керемет туындылар орындалды. Репертуарындағы қазақ және орыс тілдеріндегі әндердің бәрін Роза Рымбаева жанды дауыспен шырқауда.

Роза Рымбаеваның сахна төрінде ән айтып жүргеніне 40 жыл болып қалыпты. Осы уақытта тек елімізде ғана емес, шетелдерде де концерттерін өткізген. Репертуарында 400-ге жуық әні бар екен. 2,5 сағатқа созылған кеште Роза 30-ға тарта әнін жанды дауыспен құлақтың құрышын қандырып шырқады. Роза Қуанышқызы солтүстікқазақстандықтар өнерді бағалай білетіндігі қуантады дейді.

 

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:

-10 рет келгенде мен үлкен эстрада-симфониялық оркестріңізбен әрқашан сіздердің алдарыңызға шығып жүрмін. Дирижер Сергей Имашбаев пен оркестр -менің үлкен достарым. Сондықтан әрқашан да осы оркестрді сағынамын. Сіздерге асығамын. Концерттік бағдарлама аналар туралы. Сондықтан Аналар, махаббат тақырыптарындағы әндер көп орындалады.

 

Роза Рымбаева концертін халықаралық әйелдер күніне орай өткізгендіктен солтүстікқазақстандық нәзікжандыларды келе жатқан 8 Наурызбен құттықтады.

 

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:

– Құрметті аналар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Армандарыңызға жете беріңіздер. Ауырмаңыздар, қартаймаңыздар, балаларыңыздың қызығын көріңіздер. Тек қана махаббат тілеймін сіңлілеріме. Көктемде міндетті түрде сүйікті болып,    болып, армандарыңызға жете беріңіздер.

Бір кездері атағы бүкіл Кеңес елдеріне тарап, тыңдарманын тамсандырған Розадай әнші қыздарының дауысын естуге келген жерлестеріміздің қатары да қалың болды. Биік өнердің қадірін білетін көрермен Розамен әндерді қосыла шырқап, құшақ-құшақ гүл шоқтарын табыстап жатты.

Өнерге шөліркеген халық осындай концерттер өлкемізде жиі болса дейді. Ән кешінен ерекше әсер алып шықтық деп тамсанды.

Бұдан кейін Роза Рымбаева Ресейдің Волгоград қаласына аттанбақ.

 

Бану Ахметова

 

strong style= style=