Ауыл шаруашылығы

Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев “Зенченко и К” серіктестігіне барды

 

“Зенченко и К” командиттік серіктестігі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен айналысады. Серіктестікте таза қанды тұлпарлар, етті әрі сүтті бағыттағы сиырлар өсіріледі. Өңірлік даму министріне шаруашылық басшысы мол өнім беріп отырған ірі қараның мүмкіндіктері жайлы айтып берді.

 

Геннадий Зенченко, “Зенченко и К” КС директоры:

– 5 келі болып туған бұзау 1 жылдың ішінде 500 келіге дейін жетеді. Ең бастысы біз қаржылық жағын ойлауымыз керек. Мәселен, сиыр төлдесе, сүт береді.   өгіз өссе, ет береді. Ал, ірі қараның саулығын тексеріп тұратын мал дәрігерлері де бар.

 

Содан соң Болат Жәмішев 2013 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген хоккей қорабында болды. Мұз айдынын “Зенченко и к” КС салған. Халықтың игілігіне берілген мұз айдынына келушілердің қатары қалың көрінеді. Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев бұл бұқаралық спортты дамыту бағытында өзгеге үлгі болардық бастама деп, құптады. Бүгінгі күні Новоникольск ауылында 1352 тұрғын түтінін түтетіп отыр.

 

Бану Ахметова