Қоғам

Мереке қарсаңында жәрмеңке өтеді

 

Бағаларды тұрақтандыру бойынша қалалық әкімдік жанынан құрылған штаб өз жұмысын жалғастыруда. Күн сайын әлеуметтік маңызы бар деген азық-түлік өнімдеріне сараптама жүргізіліп отырады. Қазір бірінші кезекте халық тұтынатын тағамдарды сауда орындарына жеткізетін 15 фирмамен бағаны шарықтатпау туралы меморандум жасалған.

 

Салават Ахмеров, Петропавл қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектер меңгерушісі:

– Біз 34 сауда нүктесін бақылап отырамыз. 7 сауда орталығымен орынды жалға алу ақысын 20 пайызға төмендету жөнінде келісімге келдік. Ол бөлшектеп тауар сату бағасының арзандауына алып келеді. Азық-түлік өнімдерінің қоры да дайындалды.

 

Десе де бөлшектеп сатылатын кей өнім түрлеріне баға 10-15 теңгеге өскен. Ол шай, ірімшік және жарманың 3 түрі. Әрине мұндай айырмашылықты тұтынушылар бірден байқаған.

 

-Сүт өнімдеріне бағаның өскенін байқадым. Кей жарма түрлерінің құны өсіпті.

– Кей өнімге баға төмендесе, енді біріне баға өскен. Ал кей тағамдардыкі сол қалпында, тұрақты.

 

Ал наурыздың 7-сі күні облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. «Дария», «Корона», «Алтын арман» және Коммуналдық базарларда болатын шараға 7 аудан қатысады. Тұрғындар ет, сүт, жұмыртқа және көкөніс өнімдерін арзандатылған бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

 

Мағжан Ахмадина