Балалар

Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі заңды жетілдіру мәселесі талқыланды

 

Кездесуге өңіріміздегі барлық жастар ұйымдарының өкілдері жиылыпты. Олар ең алдымен жастар саясатына қатысты қабылданған заңды талқылап, кейін ұсыныстарын білдірді. Алғашқылардың бірі болып жасұландықтардың пікірі тыңдалды.

 

Рүстем Есенбергенов,Республикалық “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының СҚО бойынша жетекшісі:

-Біз өзімізге қатысты 23-24 баптарға өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз. Біріншіден, бұл жастар ұйымы және балалар мен жасөспірімдер ұйымының арасында жас ерекшеліктеріне байланысты бөлу керек. Екіншіден,жалпы балалар мен жастар ұйымдарының қандай жұмыстар жасауы керектігін ажыратып жазса екен деген ұсынысымыз бар.

 

Жиында жас кәсіпкерлерді қолдауға қатысты заң жобасына да өзгерістер енгізілсе игі болар еді деген ұсыныстар айтылды. Жастар ел болашағы, сондықтан заңнамаға белсенді азаматтардың жұмысына демеу болатын тұстарды енгізу керек дейді Тимирязев ауданындағы жастар бастамалары орталығы директорының міндетін атқарушы Ойрат Өзбеков.

 

Ойрат Өзбеков, Тимирязев ауданындағы жастар бастамалары орталығы директорының міндетін атқарушы:

-Белсенді жастар көп. Сондықтан олардың бойын жаман әдеттерден арылтып, қоғамдық жұмыстарға тарту үшін осындай орталықтардың жұмыс істеуі әрине қуанышты жайт. Ал аталған заң жобасы жастар бастамаларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасауға септеседі.

 

Жалпы қазіргі таңда жастар саясаты туралы заң еліміздің барлық аймақтарында қызу талқылануда.

 

Мағжан Ахмадина