Өнеркәсіп

“Мұнаймашта” өнім өндіру көлемі өсіп келеді

 

Мына қондырғылардың барлығы 2012 жылы алыныпты. Өткен жылы ғана іске қосылған 12 станоктың 9-ын жапондық фирма жасаған. Қалған 3-уі Америка мен Бразилия елдерінде шығарылған. Аталмыш құралдарда жұмыс жасау үшін зауыттың 4 маманы Ресейдің Воронеж қаласында арнайы оқудан өткен. Солардың бірі- Владимир Бахур. Олар шетелде жаңа құрылғыға қажетті арнайы бағдарламаларды үйреніп келген.

 

Владимир Бахур, «Мұнаймаш» АҚ технологы:

-Біз оқуға барғанда жаңа жүйелерді меңгеруден бастадық. Ол жаңа модель жасамайды. Тек қолда бар 3д модельдің үлгісін жаңарта түсуге септеседі. Сөйтіп біз жаңа станоктарда режимдерді таңдап, бағдарламалар жасауға тырыстық. Әрине оған кішкене болсын түзетулер енгізу керек, бірақ десе де соңында жаңа үлгіні жасап шығаруға болады.

 

Заманауи құрылғылар бірден бірнеше істі атқарады. Жаңа құрылғының өнімділігі де жоғары. Мәселен, мұнай сорғыштарына арналған бөлшекті жасау үшін бұрын 1 сағаттан артық уақыт жұмсалған. Ал енді бар болғаны бірнеше минутта керек құрал дайын болады екен. Сондықтан мамандар тың қондырғының артықшылығын сезініп үлгерген.

 

Сергей Востриков, «Мұнаймаш» АҚ сандық бағдарламалар басқармасының шебері:

-Станоктар келісімен жұмыс біраз жеңілденді. Тапсырыстар көлемі де артты. Еңбек өнімділігі өсе түсті. Жаңа бағдарламаларды үйрену де қызығушылық туғызады. Сондықтан көштен қалмай басқаруды тез-ақ меңгеріп алдық.

 

Бүгіндері автоматтандырылған құрылғылардың арқасында мұндағы өндіріс көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артқан. Сөйтіп былтыр кәсіпорын 3 млрд 2 млн теңгенің тапсырысын жасаған.

 

Сергей Литвинов, «Мұнаймаш» АҚ техникалық директоры:

-Бұл қондырғылар 3 ауысымда жұмыс жасайды. Жалпы құны 1 жарым млрд теңге. 2014 жылы аталмыш құрылғылар барлық қуатта істейтін болады. Сөйтіп өндіріс көлемін 8,5 мыңға арттыруды жоспарлап отырмыз.

 

Зауыт мұнай саласына аса қажетті қондырғылардың бірнеше түрін құрастырады. Қазірде мұнда 140 адам еліміздің ірі компанияларынан түсетін тапсырыстарды орындау үшін еңбек етіп жүр.

 

Мағжан Ахмадина