Әр түрлі

Петропавлға Ресейден көрме-поезд келді

 

Осынау ауқымы кең шараны өткізіп отырған «Ресей темір жолы» ААҚ-ы. Жылжымалы көрме-дәріс кешенінде жүк және жолаушылар поездары, электровоз, тепловоздардың сан-алуан түрін кездестіресің. Сондай-ақ мұнда теміржол саласы қызметкерлерінің алғашқы киім үлгісі де ұсынылған.

 

Татьяна Акимцева, “Ресей темір жолы” ААҚ жылжымалы көрме-дәріс кешенінің лектор-жолсерігі:

-Көрмеде ресейлік поездар макетінің алуан түрі қойылған. Мысалға, “Ласточка” электропоезын алар болсақ, оның мүмкіндіктері ауқымды. Соңғы үлгідегі тасымал көлігі “WI-FI” интернет желісімен жабдықталған. Оған қоса мұнда мүгедек адамдарға арналған орындар да қарастырылған. 800 орынға шақталған жоғары жылдамдықтағы электропоезд сағатына 160 км қашықтықты бағындырады.

 

Ағымдағы жылы бет алған жылжымалы көрме-дәріс кешені осы күнге дейін Ресейдің бірнеше қалаларын аралап өткен. Петропавлға екі күнге тоқтаған жылжымалы көрмені шаһар тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.

 

Татьяна Акимцева, “Ресей темір жолы” ААҚ жылжымалы көрме-дәріс кешенінің лектор-жолсерігі:

-Ресейдің теміржол саласының даму қарқыны жоғары. Поездардың бағыты да жылдан-жылға артуда, дүниенің барлық бұрышына сапар шегеді. Біз әсіресе, жолаушыларға қызмет көрсетуді бірінші орынға қоямыз.

 

Келушілер Ресей теміржолының 1837 жылдан қазіргі кезге дейінгі тарихына үңіле алады.

 

Бақыт Сәдуақасов