Спорт

Петропавлда автожарыс өтті

Ипподромда өткен қысқы тректік жарысқа қатысушы 15 автошабандоздың дайындық деңгейлері жоғары. Көкшетау қаласынан келген Михаил Загороднев үшін бұл чемпионат тағы бір сын. 25 жылдық тәжірибесі бар көлік иесінің жеңіске жетуге үміті басым, өзінің күшіне де сенімді.

 

Михаил Загороднев, автоспорт шеберлігіне үміткер, Көкшетау қаласы:

-Бұрындары әуесқой көлік жүргізушілерінің қатары аз болса, қазір спорттың бұл түріне деген қызығушылық артып келеді. Жеңіске жетуге бар күш-жігерімді саламын.

 

Өңір намысын қорғаған Владислав Епимахов – бәйгеге түскендердің арасындағы ең жасы. Алғашқы айналымда ол қарсыластарына шаң қаптырды. Өкінішке қарай, екінші айналымда соңында келе жатқан көлікпен қақтығысып, жарыс жолынан шығып қалды.

 

Владислав Епимахов, автошабандоз, Петропавл қаласы:

-Әуесқой көлік жүргізумен осымен 3 жыл қатарынан айналысып келемін. Бәйге болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бүгін жолым болмады. Еш өкінбеймін, бастысы денсаулығыма зиян келмеді.

 

Қысқы чемпионатқа қатысуға тілек білдіргендердің көбісі Петропавл мен Омбы қалаларының намысын арқалаған автошабандоздар. Хас шеберлер республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы атанғандар. Сондықтан да бәйге тартысты өтуде,- дейді ұйымдастырушылар.

 

Владимир Жуковень, СҚО автоспорт федерациясының вице-президенті:

-Жарысқа түсушілер қатары жыл санап артып келеді. Олардың арасында түрлі бәйгеде көрініп, жүлдегер болғандар да бар. Бұл жолы жеңгендері Ресейдің Новосібір қаласында болатын келесі кезеңге өтпек.

 

Ипподромға  жарысты тамашалауға келген халықтың қарасы қалың болды.

 

Автожарысты көруге келген жайым бар. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Өз басым әуесқой көлік жүргізушілер бәйгесін жиі тамашалап тұрамын. Бәріне сәттілік.

Көліктің түр-түрін кездестіресің. Өңір жүргізушілеріне жанкүйермін.

 

6 айналымның қорытындысына сәйкес бірінші орынды омбылық Александр Фабрициус еншілесе, екінші және үшінші орындарды петропавлдық Никита Татымов пен омбылық Игорь Усов тұйықтады.

 

Бақыт Сәдуақасов