Қоғам

Наурыздың 3-нде Ұлы пост басталды

Жыл сайын көктемнің алғашқы күндері провослав сеніміндегілер ауыз бекітеді. Енді оянып жаңарған табиғатпен бірге жандарын тазартудың қамында.

 

Георгий, дін қызметшісі:

-Ауыз бекіту арқылы адам жасаған қателіктері үшін құдайдан кешірім сұрап, жандарын тазартады. Бұл уақытта аузына нәр алмай, шыдамдылығын тексеріп, жамандықпен күресуге даяр екендігін көрсетеді.

 

Шіркеуге ағылып, құдайға сыйынады, оң бағыттан тайғандарды жаратқаннан ақ жолға салуын тілейді. Христиан дінін ұстанушы православтықтар үшін бұл уақыт қасиетті ай саналады. 40 күн бойы асқа шектеу қойылып қана қоймай, қандай да болмасын мейрамдарды тойлау күнә болып табылады.

Сондай-ақ діни мейрам күндері мұқтаж жандарға көмек қолын созып жәрдемдесуді ұмытпаған жөн.

 

Георгий, дін қызметшісі:

– Иса пайғамбар “егер де көшеде сенің көмегіңді қажет ететін адамды кездестірсең, оның діні, тілі, нәсілі, ұлтына қарамай жәрдемдесуің қажет” деген болатын. Қасиетті  библиямызда да осылай жазылған. Осыны ұмытпау керек. Бүгін оған, ертең өзіңе көмек қажет болуы мүмкін. Барлығы да құдайдың қолында.

 

Жанның тазалығы үшін тамақтан бас тартқан христиандар ауыздарын сәуірдің 19-ы күні ашады. Ал, 20-нан бастап, пасха мерекесі басталады.

 

Бану Ахметова