Аптадағы маңызды жаңалықтар

Есіл ауданында 8 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Рустам Аманқұлов жаңа пәтерін қуанышпен аралап, бөлмелерін көрсетуде. Жас отбасы баспананы талайдан күткен. Рустам – Жаңалық ауылының тумасы. Елде екі қолға бір күрек таппаған соң, аудан орталығы Явленкада механизатор болып қызмет етіп, жанұясымен пәтер жалдап тұрған. Енді міне бүгін ақ түйенің қарны жарылып, баспанаға қол жеткізді.

 

Рустам Аманқұлов, Явленка ауылының тұрғыны, Есіл ауданы:

Жақын маңда мектеп, балабақша бар. Жаңа баспана алғаныма қуаныштымын. Жөндеу жүргізілген жақсы. Қуаныштымын.

 

Жаңадан тапсырылған үйге келешегі бұлыңғыр елді мекендерден аудан орталығына қоныс тепкен азаматтар мен жас отбасылар қоныстануда. Баспаналы болған 8 отбасына пәтер кілтін аймақ басшысы Самат Ескендіров табыс етті.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы бүгін баспанаға ие болып жатырсыздар. Бұл жоба тек баспанаға ие болып қалмай, сонымен қатар жұмыспен қамтылуға мүмкіндік береді. Үйлі болғандарыңызбен құттықтаймын.

 

Көктемнің алғашқы күндері зор қуанышқа бөлеген тағы бір отбасы – Ысқақовтар жанұясы. Олар мұнда келешегі бұлыңғыр деп саналатын Жаңалық ауылынан көшіп келіпті.

 

Майра Ысқақова,Явленка ауылының тұрғыны, Есіл ауданы:

-Қуаныштымын.

 

2 қабатты баспананы жөндеу жұмыстары 2013 жылдың қараша айында жүргізіле бастапты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлдамасы аясында нысанды қалпына келтіруге 36 млн теңге бөлінген. Олардың 32 млн теңгеден астамы республикалық бюджеттен болса, қалғаны жұмыспен қамтушы кәсіпорынның қаржысы.

 

Василий Шкодин, «Агрохимснаб» ЖШС директоры:

– Осы үйден кәсіпорнымыздың бір қызметкері баспаналы болды. Бұл жақсы бастама, жас, білікті мамандар ауданымызға келсе, жұмыс та жүреді.

 

Тұрғындар баспанаға ай сайын 2 мың теңге және коммуналдық қызмет ақысын төлейді. Ал 5 жылдан кейін пәтерді жекешелендіру мүмкіндігіне ие болады.

 

Мағжан Ахмадина