Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 19 жыл толды

 

“Жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір”. Еліміздегі қаншама өзге ұлт өкілдерін Қазақстан халқы ассамблеясы бір шаңырақ астына жиып отыр. Бәрі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бір үйдің балаларындай десек артық айтпағанымыз. Бүгін барлық этномәдени бірлестіктер өкілдері Қазақстан халқы ассамблеясының 19 жылдық мерейтойына жиналды. Айтулы мерекенің тақырыбына Елбасының “Мәңгілік ел” идеясы арқау болды.

Дөңгелек үстелге жиналған этномәдени бірлестіктер өкілдері еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек ету керектігін сөз етті. Ол үшін шағын және орта бизнесті дамыту қажет деп санайды. Бүгінгі дөңгелек үстелге облыстық мәслихат депутаттары да қатысты.

Жиында сонымен қатар Қазақстан – мәңгілік елдің болашағы жастардың қолында, мемлекетіміздің нағыз патриоттарын тәрбиелеу қажет делінді.

Бұл орайда өңіріміздің жастары да аянып қалмайтындарын білдірді. Олардың арасында болашағынан зор үміт күттіретін өзге ұлт өкілдері де баршылық. Олармен бірге қазақтың қара домалақ балалары тығыз достық қарым-қатынаста.

Ассамблея еліміздегі ұлт өкілдерінің өз тілі мен мәдениеті және салт-дәстүрін дамытуға зор мүмкіндік жасап отыр.

 

Бану Ахметова