Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мерейтойлық марапаттаулар

 

1999 жылдың 1 наурызында ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың ұйымдастыруымен “Нұр Отан” партиясы құрылған болатын. Содан бері тарих үшін қысқа уақыт өткенімен партиялықтар көпке тартар қыруар іс тындырылды. Ел үмітін ақтаған  саяси ұйым әлі де халық сенімін сақтап келеді. Тілегі бір көптің қалауы жарқын болашақтың іргесін кемеңгер Ұлт көшбасшы бастаған “Нұр Отан” партиясымен бірге салу.

Бүгінде ел Президенті төрағалық еткен саяси ұйымға 43 мыңнан артық солтүстікқазақстандық мүше. Партияластарын атаулы күнмен өңіріміздің халық қалаулылары, аға буын өкілдері де құттықтады. Өз сөздерінде жалпыұлттық мүддені қорғайтын партияның қабылданған доктринасының маңызына тоқталды. Отандастарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тұжырымдамамен жастар да жіті таныс. Саяси қозғалысқа бейжайлық танытпаған ел ертеңі білімді де жігерлі ұрпақ болашаққа сеніммен қараймыз дейді.

Кейін партияның облыстық өкілдігінің төрағасы қатарға жаңадан қабылданғандарға салтанатты түрде мүшелігін растайтын куәлік табыстады.

Белсенділігімен танылғандары өңір жетекшісінің қолынан түрлі марапатарға ие болды. Еңбегі еленгендерге құрмет грамоталары мен алғыс хат берілді.

Партияның мерейтойына орай аудандық филиалдарда да ауыл тынысына үлес қосып жүргендер қошеметке ие болады.

 

Жеңіс Ермұқанов