Қоғам

Масленица мейрамы тойлануда

 

Масленица мерекесі көктемнің шуағын ала келеді деген ұғым бар. Сондықтан славян халқы мейрамда үйге келген әр қонақты дастарханға шақырып, қонақжайлылық көрсетеді. Үй иесі Антонина Мотур құймақ пісіруде ертеде анасының үйреткен әдістерін қолданады екен. Дәмі балдай, көлемі күн іспеттес құймақ көктемнің келгенін білдіреді – дейді ол.

 

Антонина Мотур:

-Құймақты бала кезімнен жақсы көремін. Кезінде анамыз бізге құймақ әзірлеудің қыр-сырын айтқан болатын. Барлық керекті қоспаларды ретімен қосып пісірсе, дәмді шығады. Әрине әр үй иесі өзінің қалауынша құймаққа бал, ірімшік қосып жасайды.

 

Масленицаны  бір күн емес, апта бойына тойлайды. Әрі әр күнді тойлаудың өзіндік ерекшелігі болады.

Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналады, сәрсенбі тәтті тамақ пісірілсе, бейсенбі қыдыру басталады, ал жұма қайынененің үйіне қонаққа барып, сенбі қайынапа шаңырағында отырыс жасап, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталады.

 

Галина Кузьмина, “Орыс қауымы” ҚБ баспасөз хатшысы:

-Бұл мейрам кезінде жаңадан отау құрған жас отбасыларға көп көңіл бөлінеді. Олар туған-туыстарының үйлерінде қонақ болып, дәмнен ауыз тиюлері керек. Бұрындары Ресейде жас күйеу балаларды қарға көму салты болған. Ол бойынша  жары күйеуін құтқаруы тиіс.

 

Бұл мерекеден кейін христиан сеніміндегілер үшін үлкен ораза басталады. Масленица наурыздың 2-не дейін тойланбақ.

 

Бақыт Сәдуақасов