Қоғам

2013 жылы өңірде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 45 пайыздан асты

Өткен жылы алғашқылардың бірі болып Есіл ауданында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан ашылған 15 адамға шақталған қазақ тілі кабинеті мультимедиалық жабдықпен қамтамасыз етіліпті. Бұл “Қазтест” жүйесі негізінде қызмет атқару үшін.

2010-2013 жылдар аралығында тіл мамандары 66 ілеспе аудармашыны даярлапты. Ал, мемлекеттік және елімізде тұратын өзге ұлттар тілдерін насихаттау бойынша 25 шара ұйымдастырылған.

Тіл мамандары мектептердің атауларының қазақша нұсқасында қателіктер көп деп отыр. Олқылықтар өткен жылы тіл мамандары жүргізген 160 тексерістің нәтижесінде анықталды. Кемшіліктер Ақжар, М.Жұмабаев, Тайынша аудандарында көп кездескен. Ал  Тимирязев ауданының білім ошақтарын өзгелерге үлгі қылуға тұрарлық. Тіл мамандары аудан мектептерінің маңдайшасындағы жазудан қате таппапты. Әйтсе де мұндағы ұжымдарда әлі күнге дейін іс қағаздары орыс тілінде жүргізіліп жатқан көрінеді.

Жалпы, алдағы уақытта іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу көлемін 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

 

Бану Ахметова