ТЖ

Құтқарушылар өрттің алдын алуға бағытталған рейдтер ұйымдастыруда

 

Биыл өрт оқиғаларының дені Былғары зауыты, Бензострой кенті мен Ойқала аудандарында тіркелді. ТЖ қызметкерлері оның бірнеше себебін атап шықты.

 

Азамат Орынбаев, Петропавл қалалық ТЖБ басшысы:

-Петропавлда 51 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам көз жұмды. Оның 2-уі бала.

 

Сондай-ақ, Жұмысшы кентінің тұрғындары да жиі ескертілетін өрт қауіпсіздігі ережелерін онша сақтамайтын болып шықты. Мұнда тұрмыс жағдайы төмен отбасылар көп тұрады. Олар кейде жағарға отын таба алмай, қолға түскен кез-келген затты пешке сала береді екен. Одан мұржа бекітіліп, жақында осы маңда тұратын 3 балаға ыс тиген.

Олардың көршісі Юрий Фиртих те осы жағдайдан хабардар. Оның да үйде бала-шағасы бар екен. Сондықтан жерлесіміз жұмысқа кетерде үйін көршілеріне тапсырып кетеді екен.

 

Юрий Фиртих:

– Мен жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаймын. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тырысамын.

 

ТЖД-нің қызметкерлері аталған аудан тұрғындарына ескерту жұмыстарын бір ай бойы жүргізбек. Оларға тағы бір мәрте өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіріп, жадынамалар таратып шықпақ. Онымен қоса көктем  қарсаңында топан су баспас үшін үй маңайларын қардан арылтуды ескертті.

 

Берік Қасен