Денсаулық сақтау

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Эпидемиолог мамандар өңірдегі жағдай тұрақты дейді. Жаңа жылдың алғашқы айында тұмау жұқтырудың фактілері облыс бойынша тіркелмеген. Тек өткен аптада «А» гриппін 10 адам жұқтырған. Олардың 7-уі облыс орталығында орын алыпты. Көп жағдайда мұндай вирустарға балалар жиі шалдығады, әлсіз және сырқаттармен араласатын жандар да вирустың алдында әлжуаз келеді дейді мамандар.

 

Евгений Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

-Ауруға шалдыққан балалардың 528, яғни 58 пайызы бұл мектеп жасындағы балғындар. Бір қуантарлығы соңғы 7 жыл көлемінде жаппай мектептердің карантинге жабылуы тіркелген жоқ. Біз күн сайын мектептердегі жағдайды қадағалап отырамыз.

 

Биыл өткір респираторлық ауруларға шалдығу деңгейі былтырғыдан 60% азайған. Жалпы мамандар тұмау сынды аурудың алдын алу үшін уақытылы әрекеттенген дұрыс деп кеңес беруде. Ол үшін тұрғындар қандай шараларды қолданады екен. Бұл жөнінде жерлестеріміздің пікірін білдік.

 

-Биыл ауырған жоқпын. Алдын алу шараларының арқасы деп білемін. Бірақ екпе жасаған жоқпын. Көмектеседі дейді, бірақ мен әлі қойып көрмеппін.

-Зауытта жұмыс істегенде ылғи екпе жасайтынмын. Қазір жоқ.

-Тұмаумен ауырған жоқпын. Екпе жасадым. Соның арқасы деп білемін.

 

Жалпы бүгіндері эпидемиолог мамандар зертханада тұмауды анықтауға қажетті заманауи құрылғыларды қолданады. Олардың ішінде люминесцентрлік микроскопия және ПЦР әдістері ауруларды анықтауда таптырмайтын құралдар болып табылады.

 

Мағжан Ахмадина, тілші:

-Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде деген қағиданы ұстанған жандар екпе жасатқан. Өз денсаулығына салғырт қарамайтын мұндай солтүстікқазақстандықтардың саны 70 мыңға жуық.

 

Мағжан Ахмадина