Мәдениет

Мәдениет саласының қызметкерлері өткен жылды қорытындылады

 

2013 жылы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы үшін табысты жыл болды. Өңірде 6 кітапхана, 5 клуб ашылды. Облысымыздың шығармашылық ұжымдары 35 республикалық және халықаралық байқау мен фестивальға қатысты. Ал, өңіріміздегі мұражайлар қоры 1115 экспонатпен толыққан. Кітапханалар қоры да байытылыпты.

 

Рүстем Елубаев, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы:

– 2013 жылы көзі көрмейтін және нашар көретіндерге арналған мамандандырылған кітапхана қоры 863 әдебиетпен толықты. Оның ішінде аудио үнтаспалар, 612 мың теңгенің электронды кітабы алынды. Бұл Шымкент пен Санкт-Петербург қалаларынан жеткізілді. Сонымен қатар биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға Н.Погодин атындағы орыс драма театры мен қуыршақ театырына құны 2 млн теңге тұратын пандус салмақпыз.

 

Бүгінгі күні облысымызда 551 мәдениет нысаны жұмыс істейді. Оларды қаржыландыруға өткен жылы 300 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде мәдениет ошақтарында бірнеше шаралар ұйымдастырылған.

 

Тұрсын Молдахметова, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы:

– Өткен жылы өңірдегі мұражайларда 2653 шара өткізілді. Ал, облыстық театрларда 603 қойылым көрсетілсе, оның 15-і жаңадан сахналанған. Театр ұжымдары сонымен қатар 15 республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысты.))

 

Ал, бүгінгі күні облыста 15 мемлекеттік мұрағат бар. Оның қоры былтырғы жылы 53 мыңға жуық құжатпен толығыпты. Ақжар, Мамлют, Тайынша, Қызылжар аудандары мен қаламыздағы мұрағаттар ғимаратты жалға алып отыр. Бұл проблеманың түйінін тарқату мәселесі бүгінгі алқа отырысында айтылды.

Сонымен қатар жиында мәдениет саласының үздіктері марапатталды.

“Үздік ауылдық клуб” аталымында бас жүлдені Ғ. Мүсірепов ауданы жеңіп алды. Онда былтырғы жылы 5200 шара өткізіліпті.

“Үздік ауылдық модельдік кітапхана” аталымының бас жүлдесін тайыншалықтар иемденді. Бұдан кейін атқарылған істер таразыланып, үздіктер диплом, грамота және бағалы сыйлықтарды иемденді.

 

Бану Ахметова