Бизнес және экономика

Доллар бағамының өзгеруі “Сбербанк” филиалының клиенттеріне әсер етпейді

 

“Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының жұмысын бастағанына 4 жыл болды. Осы уақыт аралығында өлке нарығына мықтап бекіген қаржы институты бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп келеді. Былтыр ғана жергілікті өкілдік өңір экономикасының нақты секторын 8,5 млрд. теңгеге қаржыландырыпты. 2012 жылғыдан 5 есе артық. Бұл сұраныстың барын көрсетеді.

 

Петр Салохин, “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

– 2013 жылы Сбербанк филиалы үшін табысты болды. Қарқынды дамудың арқасында облыс нарығындағы үлесімізді 14,5-20,3% жеткіздік. Клиенттер саны 77,27% артып 1264 адамды құрады. Есесіне салымдар қоры 134% ұлғайды. Несиелік портфеліміз 65,79% өсті.

 

Жуырда халықты дүрліктірген доллар бағамының күрт өсуі аталмыш банк қызметін тұтынушыларға еш әсерін тигізбеген. Мұнда рәсімделетін несиелер мен депозиттік салымдардың жылдық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды.

 

Петр Салохин, “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

– Рәсімделген несиелердің пайыздық үстеме ақысын өсіру жоспарда жоқ. Біз клиенттерімізді мүмкіндігінше теңгемен қаржыландыруға тырысамыз. Әрине әрбірінің талғамына сай. Бүгінде қанағаттандырылған өтініштердің 99 пайызы ұлттық валютамен берілді. Сондықтан ешқандай қысым болмайды. Алаңдауға себеп жоқ.

 

Істерін дөңгелетем деген кәсіпкерлерді қызықтыратыны негізінен тиімді несие алу. Жалпы былтыр шағын және орта бизнес субектілері қаржы институтынан 3 млрд теңгеге несие ресімдеген. Түгелдей уақтылы есеп айырысып жатыр. Оның 3/1 “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

 

Иван Терлецкий, “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының шағын бизнеспен жұмыс жасау секторының басшысы:

-2013 жылы бірінші бағыт бойынша жеке ісін ашамын дегендердің 480 млн. теңгені құраған жобалары қолдау тапты. Қаржылай сауығып кәсібінің іргесін кеңейтуге ниеттілердің 630 млн теңгенің сұрауы қанағаттандырылды. Былтыр біз “Сбербанк -экспресс” жобасын бастадық. Оның артықшылығы өтініштер үш күннің ішінде қаралады. Талаптар жеңілдетілген.

 

Сондай-ақ, қаржыгерлер жылдам әрі сапалы несиелендірудің жеке түрлерін де заман ағымына сай жетілдіріп тұрады.

 

Екатерина Смолкина, “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының бас менеджері:

– “Доверительный” жеке несиелендіру бағдарламасы аса сұранысқа ие. Жылдық мөлшерлеме 9 пайыздан басталады. Әрине клиенттің жалақысы мен берілген мерзіміне сәйкес. Кемінде кепілзатсыз 150 мың, ең көп дегені 3 млн теңгені рәсімдей алады. Қарыз бір жылдан 48 айға дейін беріледі.

 

Банктік қызмет көрсету орталығында есептік-кассалық, түрлі қаржыландыру, қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі енгізілген. Ипотека арқылы баспана алу, ақша аударымдары, айырбас операциялары, жедел салымдарды жүзеге асыруға болады.

 

Екатерина Смолкина,”Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының бас менеджері:

– “На высоте+” депозиті  – соңғы жаңашылдығымыз. Алғашқы жарна 7 мыңнан кем болмауы керек. Сыйақы мөлшерлемесі 9 пайызды құрайды. Есеп-шот 36 айға ашылады. Оған қоса дебиттік карта беріледі. Электрондық желі арқылы салымшы депозитті бақылап ақшасын толықтыруға, не болмаса бөлшектеп алуға құқылы.

 

Жергілікті филиалдың жеке ғимаратында тұтынушыларға барлық жағдайлар жасалған. Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету аймақтары, кассалық тораптар қарастырылыпты. Қаржы институты ұсынатын қызметтер кешені әр клиенттің талғамына сай құрылған.

 

Светлана Константинова:

– Банктің қызметіне жүгініп жүргеніме 4 жыл болды. Қызметкерлер жылы раймен қарсы алып, сапалы кеңес береді. Осында депозитім бар, жиі ақша аударып тұрамын. Кәдесыйға бағалы монета да сатып алдым. Сенімді банк.

Екінші деңгейлі қаржы институты өткен жылы теміржол вокзалы маңынан қосымша кеңсесін ашып, тұтынушыларын тағы қуантты. Жаңа бөлімшенің таспасы ақпан айында кесілді. Онда да банк қызметінің барлық түрлері көрсетіледі. Келер жылы жергілікті филиал қаланың солтүстік ауданында енді бір қаржылық өнім ұсынатын орталық құрмақшы.

 

Жеңіс Ермұқанов