Энергетика

Жылу есептегіш қаржы үнемдеуге септесуде

2012 жылдың қысында орнатылған мына жылу есептегіш құрылғы Геннадий Сергеевтің жіті бақылауында. Ол күнделікті жертөлеге түсіп даладағы ауа температурасына сай жылуды қадағалап отырады екен.

 

Геннадий Сергеев:

-Құрылғы толықтай автоматтандырылған, жұмысымды жеңілдетті. Жылу далаға кетпейді. Мұнда қысым, температура барлығы көрсетілген. Керек кезде жылуды ағытып тастаймын. Ыңғайлы, әрі тиімді.

 

Валентина Сусликова Бостандық көшесі, 17 мекен-жайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдегі ПИК-тің төрайымы. Бұл баспана 70 жылдары салынған екен, сондықтан да есептегіш құрылғысы тозып, оны жаңасына ауыстыруды қажет етті – дейді ПИК төрайымы.

 

Валентина Сусликова, ПИК төрайымы:

-Үй тұрғындарымен ақылдаса келе жылу есептегіш құрылғыны орнатуды жөн санадық. Құрылғыға 570 мың теңге жұмсалды. Орнатқанымызға 2 жылдай уақыт болды, бір де бір ақауын байқаған жоқпыз. Пәтер иелері де үйдің жылы екендігін айтып алғыстарын білдіруде.

 

Бұрын үй тұрғындары жылу үшін айына 1 шаршы метрге 87 теңге төлеп келсе, есептегіш құрылғы орнатқаннан кейін 37 теңге төлеп жүр. Осы уақыт ішінде пәтер иелері қомақты қаржысын үнемдегенін байқапты. Әсіресе зейнеткерлер жағы қуанышты, өйткені бұрын алған зейнетақымыз толықтай дәрі-дәрмек пен коммуналдық қызметтерге кететін еді – дейді олар.

 

– Жылу есептегіш құрылғыны орнатқалы пәтерімізге келетін жылу реттелді. Есесіне ақшамыз желге ұшпайды.

– Пәтеріміз жылы, жайлы. ПИК қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Құрылғы арқылы шынымен де үнемдеуге болады екен.

 

Жалпы қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің 34 пайызында жылу есептегіш құрылғы орнатылған екен.

 

Бақыт Сәдуақасов