Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет аясын кеңейтуде

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа 18 қызмет түрімен толықты. Олардың дені жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, білім және денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, көлік және коммуникация салаларына қатысты. Бұған дейін тұрғындар бұл бірқатар қызмет түрлерін алу үшін тікелей мемлекеттік орган мамандарына жүгініп келген-ді. Енді дәл осы қызметтер екі жерде жүргізіледі. Сонымен қатар былтырғы мүгедектерге ұсынылатын 7 қызмет түрі қысқартылады деп жоспарланған болатын. Бірақ, бұлар тоқтатылған жоқ.

 

Дулат Шәріпов, СҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының БАҚ бойынша менеджері:

-Ағымдағы жылы мүгедектерге қызмет көрсетудің 33 өтініші түсті. Және 14-і ересектер. Олардың барлығы тіркелді.

 

Бүгінгі күні халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметтің 171-ін көрсетеді. Оның ішінде жаңа 25 қызмет былтырғы жылдың 23 желтоқсанынан қосылыпты.

 

Дулат Шәріпов, СҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының БАҚ бойынша менеджері:

-Ағымдағы жылдың қаңтар айына құжаттардың негізгі бөлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желісі бойынша қабылданды. Олардың саны 278. Ең талап етілетін қызмет жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою. Бұл бойынша 155 азамат жүгінді.

 

Еліміздің өзге қалаларында оқығандар дипломын жоғалтып алса, көшірмесін осы халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, алуға болады.

 

Дулат Шәріпов, СҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының БАҚ бойынша менеджері:

– Негізінен дипломның көшірмесін алу бойынша өтініштер аз түсуде.

 

Айта кету керек, сонымен қатар ХҚКО-да Үкіметтің электрондық порталы жұмыс істеуде. Онда тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдар мен ұсыныстарын бейнебайланыс арқылы мемлекеттік орган жетекшілеріне жеткізе алады. Басшымен байланыс тегін түрде жүзеге асады.

 

Бану Ахметова