Спорт

Волейболшы қыз-келіншектер жарысы

 

Ойын түс ауа басталды. Волейбол алаңына ең алдымен астаналық “Дворец школьников” және теміртаулық “Металлург” командалары шықты. Екі жақ та осал емес екен. 30 минуттың ішінде қарсыластар бір-бірінің аумағына бірнеше рет гол салды. Есеп 25 те 20. Ойында Теміртаудың қыздары ұтылды.

 

Ирина Кабулбекова,Халықаралық дәрежедегі төреші:

-Негізі теміртаулық волейболшылар – мақтауға тұрарлық ойыншылар. Осы жолы бар өнерін салып еді. Болмады. Астана құрамасы мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп шықты.

 

8 команданың арасында өңір спортшылары өнер көрсетуде. Олардың нәтижелері, әзірге жаман емес. Жерлестеріміздің көздегені – Ұлттық лигада жеңіске жетіп, ақтық сынға өту. Солтүстікқазақстандықтардың қарсыласқа барынша төтеп беріп, ұпай еселеуге толықтай мүмкіндігі бар дейді команда жаттықтырушысы Азамат Есімов.

 

Азамат Есімов, “Қуаныш и К” волейбол командасының жаттықтырушысы:

-Екі кезеңнің қорытындысы бойынша алдыңғы орындамыз. Тек 3-ші кезеңде ұтылып қалдық. Волейболшыларымыз жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алатындығына үміттімін.

 

Келесі кездесу наурыздың 16-сы мен 24-і аралығында Шымкент қаласында жалғасын табады. Ал, финалдық жарыс Теміртауда өтеді деп жоспарланған.

 

Бақыт Сәдуақасов