Балалар

Солтүстікқазақстандық оқушылар ғылыми жобалар байқауынан 11 жүлдемен оралды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында өңір командасы 15 пән бойынша 21 жобаны қорғаған болатын. Солардың бірі – 9 сынып оқушысы Максим Сухов. Ол “Бетулин және оның химиялық модификациясы” тақырыбын таңдап, 2-ші орынға қол жеткізіпті. Оқушы болашақта химия саласына бет бұрмақ.

 

Максим Сухов, “ЛОРД” мектеп-лицейінің оқушысы:

-Менің жобам бетулин жайында, өте қызықты. Битум – қайың қабығында кездеседі. Зерттеу кезінде бір анықтағаным, битум арқылы обыр ауруын емдеуге болады екен, емдік қасиеті мол. Жоба аяқталысымен, медицина саласына жаңалық әкелемін деген ойдамын. Алдағы уақытта да зерттеу жұмыстарымды жалғастыратын боламын.

 

Физика пәні бойынша бағын сынаған Арман Қаратаев бұл байқауда бірінші орынға ие болған. ол “2011-2013 жылдардағы мезосфера қабатындағы сұрғылт бұлттарды зерттеу” жобасын қорғапты. Оқушы қазіргі уақыттағы өнеркәсіп орындарынан шығатын зиянды заттар мен улы газдардың ауаға тигізер кері әсерін өз жобасында толықтай зерттеп шықса керек. Ол атмосфераның экологиялық жағдайын көбіне мамыр-қазан айларында зерттеген жөн дейді.

 

Ұстазы оқушысының мезосфера қабатындағы сұрғылт бұлттарды зерттеуге 3 жылын арнағанын айтып отыр. Арман бастапқыда жергілікті обсерваторияда, кейін ғарышта түсірілген сурет мәліметтерді салыстыра отырып, қорытынды жасапты. Әрине жоба әлі аяқталған жоқ, зерттеуді қажет етеді – дейді ұстазы.

Республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша өткен ғылыми жобаға еліміздің аймақтарынан 702 оқушы қатысуға ниет білдіріпті. Олар байқауда 500 жоба қорғаған болатын.Соның ішінде облыс оқушылары байқауда 11 жүлделі орынға ие болды.

 

Бақыт Сәдуақасов