Қоғам

Қабырғалары жылжып кеткен жатақхананы жөндеу басталды

Еске сала кетейік, ақпанның 19-нан 20-на қараған түні «Егемен Қазақстан» газеті, 30 мекенжайындағы жатақханада төтенше жағдай орын алған. Бой түзегеніне 30 жылдан асқан ғимараттың жертөлесінде 4 бірдей темірбетон қабырға жылжып кеткен. Іргесі сөгілген нысанға техникалық тексеріс жүргізілді. Сараптама баспана жөндеуге келеді деген қорытынды шығарды.

Опырылған ірге мен бетон қабырғаларды бекіту жұмысы “Севгражданпроект” ЖШС-не тапсырылды. Құрылысшылар олқылықты түзеп, жаңғырту ісіне кірісіп кетті.

 

Сергей Митин, “Стройкомпания” ЖШС прорабы:

– Жертөлеге бетон құйылатын болады. Беріктігін күшейту үшін бағаналар орнатылады. Ең бастысы жылдам әрі сапалы жасау керек. Өте қауіпті аумақ болған соң әзірге тәжірибелі деген 6 маманды тарттық.

 

Әзірге мердігер жұмыс аумағын тазартып жатыр. Талапқа сәйкес өлшемдер жасалды. “Металлоконструкция” ЖШС темір бағаналар дайындап жатыр. Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, жөндеу жұмыстары 1 айға созылатын көрінеді. Осы уақыт аралығында жапа шеккендер қамқорлыққа алынады.

 

Дәулет Қалиасқаров, Петропавл қалалық тұрғын үй инспекциясының жетекшісі:

-Әкімдікке келіп көмек сұрағандардың ешбірінің қолы қағылмады. Өтініштері қанағаттандырылды. Риэлторлық фирмалармен келісім жасалды. 11 бөлме иесі жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр. Шығыны әкімдік мойнында. Өзгелері әзірге жақын туыстарын паналауда.

 

Жатақхананың оң қанатындағы 40 бөлме иелеріне уақытша қоныс аударуға тура келген. Шатырсыз қалғандардың тең жартысы нысандағы бөлмелерді жалдап тұрған екен.

 

Жеңіс Ермұқанов