Спорт

Петропавлда бірінші қалалық жастар спартакиадасы басталды

 

Спартакиаданың биылғы бағдарламасына шаңғы тебу, дойбы, шағын футбол сияқты 8 спорт түрі енгізілген. Бұған ең алдымен аталған ойындарға бейімі жоғары жастар қатысады. Мәселен, Жансұлу Қозы-Купешова үстел теннисін мектеп қабырғасынан бастап ойнап жүр. Ерте кезден машықтанғанынан болар, қарсыластың осал тұсын тез аңғарып, ширақ қозғалуда өзінің епті екенін көрсетті.

Үстел теннисіне 9 ұйымнан 30-ға жуық үміткер қатысуға ниет білдірген. Олардың барлығы дәл қазір өз құрамаларына мейлінше көп ұпай жинауға тырысуда. Әзірге, жалпыкомандалық есепте СҚО Студенттер Альянсы мен СҚМУ жастар ісі жөніндегі комитетінің қыз-жігіттері алда келеді.

Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі болашақта бұқаралық спортты дамыту бойынша әлі де бірнеше істің басын қайырмақшы. Олар ойындарға жастар ұйымдарын көбірек тартуды жоспарлауда. Келесі күні  Борки кентінде өтетін кезекті спартакиаданың алауын медицина саласының мамандары жағады.

 

Берік Қасен