Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге “Қазақстан-2050” жалпыұлттық қозғалысының өкілдері келді

 

Ұлт көшбасшысы биылғы жолдауында “Қазақстан 2050” бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысында жалпыұлттық “Мәңгілік Ел” патриоттық актісін құруды міндеттеген болатын. Маңызды құжат ел халқының талап-тілектерімен байланыстырыла отырып жасалуы керек. Осы тұрғыда белсенділерден жасақталған арнайы топ өңірлерді аралап, ондағы бұқараның жолдау жайлы пікірін тыңдап, Елбасы ұсынған ұлттық идеология жайлы көзқарастарымен танысуда.

Жалпыұлттық “Қазақстан 2050” қозғалысы өткен жылдың 6 желтоқсанында құрылған болатын. Қоғам белсенділерінен жасақталған топтың алдына қойған мақсаты Елбасының барынша дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеттемесін жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар бұқарамен келісе отыра Ұлт көшбасшысы ұсынған “Мәңгілік Ел” идеясының патриоттық актісін құру.

Атадан балаға мирас болған ұлан-ғайыр қазақ елінің бүгінде түтіну түзу,тыныштығы нық орнаған. Тұрақтылықты сақтау өскелең ұрпақтың міндеті.

Қазақ жері 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мекен бола білді. Олардың ділі мен діні, түрі мен тілі бөлек болса да жүректері тәуелсіз Қазақстан деп соғады. “Мәңгілік Ел” идеясының көздегені де осы халықтар арасындағы достықты мәңгілік ету.

 

Самат Есмағи