Ауыл шаруашылығы

Аграрийлер алқаптарда қар тоқтатуда

 

Жаздың қамын қыс ойла. Биылғы қыс қарға сараң болған жоқ. Егін бітік шығу үшін Қызылжар ауданында қарды тоқтату жұмыстары өткен жылдың желтоқсанынан басталыпты. Ал, жалпы ауданда егістік жер алқабы 216 мың Га жуық. Жоспар бойынша ылғал ұстату жұмыстары 150 мың 200 га аумаққа жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні бұл шаруаның 37 пайызы орындалған. Оған 181 техника жұмылдырылыпты.

 

Мұрат Құсайынов, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары:

-Қар тоқтату – агротехникалық тәсілдердің бірі, қыс айларында ылғалды молайтып, сақтап қалу үшін осы тәсілді қолданады. Қар тоқтату жұмыстары жүргізілгеннен кейін егін де екі-төрт центнерге дейін түсіп көп болады. Ылғал қоры жақсы сақталып, қардың астындағы жердің қату тереңдігі азайып, көктемде қар ерігеннен кейін, ылғал жақсы сіңеді.

 

Қызылжар ауданында 60 серіктестік болса, соның ішінде қарды тоқтату жұмыстарын “Орловский” ЖШС бірінші болып бастап, шаруаны 100 пайыз толығымен еңсерген. Шаруашылыққа тиесілі 3763 ГА аумақтың 70 пайызы бидайға тиесілі екен.

 

Мұрат Құсайынов, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары:

Қар тоқтату жұмыстарына аталған серіктестікте 4 техника жұмылдырылды. Негізінен қарды көбіне ашық алаңдарда, дөңес жерлерде тоқтатқан тиімді. Өйткенде бір қалыпты түскен қарды жел ұшырып алып кетпеу үшін.

 

Қызылжар ауданындағы егістік алқаптарына тұқым себу дәстүр бойынша мамыр айында басталмақ. Оған қажетті 22 тонна дән дайындалып қойыпты.

 

Бану Ахметова