Спорт

Петропавлда кекушинкай каратэден әлем чемпионатына іріктеу кезеңі өтті

 

Бүгінгі жарыс әлем чемпионатына іріктеу турнирі болғандықтан сайыс өте қызу өтуде. Алматылық 8 жасар Алмас Баймұхамбеттің каратэмен шұғылданып жүргеніне 1 жылға тақап қалыпты. Турнирде ол жаттықтырушысы үйреткен барлық әдістерді ретімен қолдана, қарсыласына ауыр соққы жасап, ойсырата ұтты. Балғын спортшы үшін бұл жарыс үлкен сынақ.

Петропавл қаласында бастау алған кекушинкай каратэдан ашық ел чемпионаты екі турға бөлініп, 2 күнге жалғасты. Жарыстың алғашқы күні 8-бен 16 жас аралығындағы ұл балалар санаты бойынша өзара күш сынады. Чемпионатқа еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Петропавл және көршілес Ресейдің Омбы қаласынан жиыны 350 спортшы қатысуда. Алматы өңірінен келген бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының бапкері елімізде каратэ спортының даму қарқынын жоғары бағалауда. Соңғы жылдары бұл спорт түріне бет бұрғандар қатары қалыңдап келеді – дейді ол.

Кекушинкай каратэден әлем чемпионаты наурыз айының 22-де Ақтау қаласында өтпек. Сондықтан да іріктеу сынында жеңіске жеткен спортшылар ғана әлем чемпионатына жолдама алады.

 

Бақыт Сәдуақасов