Білім

“Жолдау қуаты – жастар ықыласы” акциясы

 

“Жолдау қуаты-жастар ықыласы” атты акция флеш-моб түрінде ұйымдастырылды.

“Өрлеу” орталығының әнұраны шырқалған соң, акцияға қатысушылар 5 топқа бөлінді. «Мәңгілік ел», «Жаңа формациядағы мұғалім», Е-GUDLINE «Алаштану», «Абайтану», «Планшеттермен оқу үрдісі». Бұл секцияның атаулары. Осы арқылы ұйымдастырушылар жолдау жүктеген міндеттерді өздерінің секция тақырыптарына арқау ете отыра акцияға қатысушыларға түсіндіріп жатыр. Берілген уақыт 5 минут. Осы уақыт аралығында акцияны ұйымдастырушылар шараға қатысушыларға өз сұрақтарын қойып, оған жауап алуға тырысуда.

Бүгінгі акцияға қысқа курстың тыңдаушысы Төлеген Смаилов та қатысып жатыр. Ол – Ақжар ауданының Қызыл ту орта мектебінің директоры әрі биология пәнінің мұғалімі. Ұлағатты ұстаз шеңбер түрінде түсіндірілген секция тақырыптары жолдау жүктеген міндеттерді қамтығандығы қуантады дейді.

Акцияға сонымен қатар “Өрлеу” орталығының педагогтары, өңіріміздің белсенді жастары да қатысты.

Ел болашағы жастардың қолында екенін Елбасы жиі айтады. Сондықтан да жолдау жүктеген міндеттерді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып орындауымыз керек. Ал, мұндай шаралар басты құжаттағы тапсырмаларды орындауға көмектеседі дейді акцияға қатысушылар.

Айта кету керек, “Өрлеу” орталығының жанынан Елбасының жолдауын насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айында “Жас ұрпақ” жастар орталығы ашылған-ды. Міне бүгінгі шара олардың алғашқы ұйымдастырып отырған жұмыстары.

Акция соңында оқушыларды олимпиадаға дайындап ғылыми жұмыстар жазған үздік 4 педагог орталықтың алғыс хатына ие болды.

 

Бану Ахметова