Қоғам

“Айқын” жобасы

 

Тамара Назаренко тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына өтінішімен келіпті. Қызметкер оның арызын базаға енгізіп, акция жайында түсіндіріп, қолына талон ұстатты.

 

Әйгерім Қажыбаева, ҚР Бас прокуратурасының статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының аға прокуроры:

Өтініш берген кезде сізге мемлекеттік қызметкер қолыңызға талон ұстатады. Сол талонмен интернетке кіріп өтінішіңіздің қаралу жайында тексере аласыз.

 

Азаматтардың өтініштерінің қаралу жайын үйден шықпастан білуге болатындығына Тамара Назаренко қуанышты.

 

Тамара Назаренко:

-Талон арқылы ақпарат алу ыңғайлы. Әсіресе жастарға тиімді тұстары көп деп есептеймін, өйткені олар күні бойына жұмыста болады, уақыттары тығыз.

 

Осындай түсіндіру жұмыстарын прокуратура қызметкерлері қалалық әкімдіктің үш бөлімінде өткізді. Акция арқылы мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңбұзушылықтар мен өтініш-тілектердің қаралу барысы мен әділдігін айқын көруге мүмкіндік болады – дейді прокурорлар. Оған қоса азаматтар мен басшылардың кездесуі азайып, көз қысты бармақ басты әрекеттер саны азаймақ.

 

Әйгерім Қажыбаева, ҚР Бас прокуратурасының статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті СҚО бойынша басқармасының аға прокуроры:

-Мемлекеттік мекемеге өтініш беруші азаматқа канцелярия қызметкері 18 нөмірлі талон береді. Бұл арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелерге берген өтініш-талаптарының орындалуын қадағаламақпыз. Кей жағдайда өтініштердің не себептен орындалмай жатқандығы туралы да нақты ақпарат алуға болады.

 

Егер мемлекеттік органдар тарапынан азаматтың өтініші қараусыз қалып, жауап беру кешіктіріліп жатса прокуратураға шағымдануға болады.Тек ескеретіні әр мемлекеттік органның азаматтардың өтінішін қарау мерзімі әрқалай.

 

Бақыт Сәдуақасов