Билік

Есіл ауданы активімен әңгімелесу

 

 

Есіл ауданының активімен кездескен ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов өз сөзінде еліміз бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіргендігін айтты. Ел экономикасы қарқынды дамып келеді. 1998 жылдан бері қазақстандықтардың жалақысы 10 есеге артқан. Жоғары білімді тұрғындардың саны 40 пайызға өсіпті. Мәртебелі мейман ендігі кезекте, Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы жолдауындағы 7 басымдықты орындау қажеттігін айтты. Соның ішінде соңғы құқық қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіруде бірқатар істердің атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.

 

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

– Құқық қорғау саласында кейбір заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Сондықтан бұдан былай тәртіп сақшыларының назарына іліккен немесе темір тордан босап шыққан азаматтар ерекше бақылауда болады. Олардың тізімі электронды картаға енгізіледі. Бұл үшін биыл арнайы техника алуға қаражат бөлініп отыр.

Былтыр елімізде жол ережесін бұзудың 23,5 мың фактісі тіркелген. Нәтижесінде 3 мыңнан астам адам қаза тапты. Бұған негізінен автокөліктің тізгінін ұстаған жүргізушілер кінәлі екен. Сондықтан да ІІ министрі Қалмұханбет Қасымов оларға қатысты қатаң жаза қолданылатынын айтты. Сондай-ақ бұдан бұлай жүргізуші куәлігін алатын азаматтар қатаң бақыланады. Ешқандай тамыр-таныстыққа жол берілмейді.

 

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Бүгінде Қазақстанда 4 млн автокөлік тіркелген. Жол ережелерін сақтамауға қатысты жолдардағы апаттар тым жиілеп кетті. Бұдан бұлай жол ережесін бірнеше рет бұзған азаматтар 15 жылға дейін жүргізуші куәлігіннен айырылады.

 

Бүгінде облысымыздың экономикасы қарқынды дамып келеді. Өңірдегі өнеркәсіп орындарының 75 пайызы өңдеумен айналысады екен. Оның ішінде азық-түлік өндірісінің үлесі 60 пайыз. Сүт өндіру бойынша елімізде бірінші орындамыз деді Самат Ескендіров. Сондай-ақ өңір жетекшісі бұл табыстарымызды еселеу үшін Елбасы жолдауы аясында еңбек етеу керектігін сөз етті. Қазіргі міндет – Нұрсұлтан Назарбаев қойған тапсырмаларын жақсы түсініп, іске асыруға бір кісідей жұмылу.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Бүгінгі күні облысымзда 15 ақпараттық үгіт насихат тобы құрылған. Оның біреуі қалада болса, қалғандары 13 ауданда, тағы бір облыстық насихат тобы жасақталған. Өңірімізде атқарылып жатқан істерді жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Елбасына баяндадым. Ұлт көшбасшысы өз бағасын берді. Бірқатар тапсырмаларын да жүктеді. Сондықтан алдағы уақытта Елбасы  қойған міндеттер орындалады.

 

Бұдан кейін, ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов пен облыс әкімі Самат Ескендіров Есіл ауданындағы “Егін” ЖШС соқты. Мұнда макарон өнімдерінің 12 түрі дайындалады.

 

Владимир Чубыкин, “Егін” ЖШС директоры, Есіл ауданы:

– Біздің серіктестік 2000 жылы құрылды. Оның салтанатты ашылуында Елбасының өзі болды. Содан бастап кәсіпорнымыздың қуаты артып келеді. 2009 жылы біз түрік  диерменін іске қостық. Ол тәулігіне 100 тонна бидайды өңдейді. Сондай-ақ 2011 жылы макарон өнімдерін дайындайтын цехты аштық. Онда бесмармақ қамырының 500 келісі мен макаронның 600 келісі 1 сағаттың ішінде өндіріледі.

 

Бану Ахметова