ТЖ

Өткен сенбі күні үш жасөспірім қар астында қаза тапты

 

Жасөспірімдер Есіл өзенінің жағалауына сырғанақ тебуге барған екен. Күндіз кеткен балалар кеш батқанда үйлеріне оралмады. Күн ұзаққа жоғалғандарды ата-анасы таппағасын ауыл болып іздеуге шыққан. Түн ортасында жасөспірімдер ауылдан екі шақырым жерден табылды. Өкінішке қарай тек қар астына көмілген мүрделері ғана.

 

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

-Балалар жар үстінде ойнаған болу керек. Түскен салмақ әсерімен қар опырылып кеткен. Онымен бірге жасөспірімдер құлап, қардың астында қалған. Қар құрсауынан шыға алмай тұншығып, жан тапсырған.

 

Кейін анықталғандай ол маңда балалар көптеп жиналған. Кейін біршамасы үйлеріне кетіп, қатарлары сейілген. Бүгін үш бірдей оқушысынан айрылған Ставраполка мектебінде  қаралы күн. Мектеп ұжымы мен оқушылар, ауылдастары қар құрбаны болған жасөспірімдерді соңғы сапарға шығарып салды.

 

Светлана, Ставрополь орта мектебінің қызметкері, Ғ. Мүсірепов ауданы:

-Қазір балаларды шығарып салып, жер қойнауына тапсырамыз. Жерлеу рәсімінен бұрын мектепте олардың құрметіне соңғы қоңырау соғылады. Барлығы да өте тәрбиелі, білім қуған ынталы оқушыларымыз еді.

 

Жеңіс Ермұқанов