Әр түрлі

Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы өткен жылды қорытындылады

 

Өткен жылы “Қазақтелеком” петропавлдық соңғы 3 300-ден астам абонентті соны үлгідегі сандық құрылғыға қосты. СҚ телекоммуникация дирекциясының бас директоры Әлім Шүкенов облыс орталығы сапалы байланыс жүйесімен әлемдегі дамыған қалалардың санатына қосылуға мүмкіндік алды дейді. Мәселен, бүгінде Мәскеу қаласының 80 пайыз тұрғыны ғана сандық байланысқа қол жеткізе алған.

 

Әлім Шүкенов, “Қазақтелеком” СҚ ОТД бас директоры:

– Жаңадан 8 942 телефон орнаттық. Өткен жылмен салыстырғанда интернетті пайдаланушылар 7 мың бірлікке өсіп отыр. 580-нен астам мектеп телефон және интернет жүйесімен қамтамасыз етілді.

 

Солтүстікқазақстандағы «Казақтелеком» филиалының телекоммуникация нарығында 45 пайыз үлесі бар. Осымен 2 жыл қатарынан FTTH жүйесі белсенді даму үстінде. Бұл дегенің ғаламтор желісінің жылдамдығын арттырып, Ай пи-телефония және жоғары сапалы сандық теледидар сияқты, телекоммуникация қызметтерінің толық жиынтығын алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе соңғы қызмет түріне 7 мыңнан астам абоненттен сұраныс түскен.

 

Әлім Шүкенов,”Қазақтелеком” СҚ ОТД бас директоры:

-Үстіміздегі жылы Петропавл қаласында 338 үйді қамтыған FTTH желісі салынады. 2012 жылы ЕВ-ДО кеңжолақты сымсыз байланыс технологиясы бойынша интернетке облыстың елді мекендерінен 800-ден астам абонент қосылды. Чкалова-Кішкенекөл, Тайынша-Возвышенка, Явленка-Корнеевка бағытына аймақтық талшықты – оптикалық желіжолдарды салу арқылы оларды жылдамдығы күшті Интернет көзімен қамтамасыз еттік.

 

Оған қоса Әлім Шүкенов биыл телефон, ғаламтор байланысы үшін тарифтер көтерілмейді дейді. Бұл да өз кезегінде сапалы коммуникацияға қол жеткіземін деген тұрғындарға үлкен қолдау болмақ. Үстіміздегі жылы сотүсстікқазақстандық “Қазақтелеком” филиалына 20 жыл толады. Осы мерейтойда басшылық салаға еңбегі сіңген байланысшыларға ынталандыру сыйлықтарын жасамақ.

 

Берік Қасен