Білім

Білім беру саласында 34 интернационалист-жауынгер еңбек етеді

 

 

Ауған соғысына өңірімізден 1,5 мыңнан аса солтүстікқазақстандық аттанған. Өмір мен өлімнің арасында күрескен жауынгерлеріміз туған жерге оралғасын да ел дамуына өз үлестерін қосқан. Әлі де қосып келеді. Қазіргі таңда облысымызда білім саласында жүрген 34 интернационалист-жауынгер бар. Бүгін солардың барлығы салтанатты түрде мерейтойлық медальдармен марапатталды. Сұрапыл соғыстың ортасында болған жауынгерлер бүгінде елуге таяп, алпысты алқымдаған ел ағалары. Солардың бірі – Сайран Ташкин.

 

Сайран Ташкин, Уәлиханов ауылшаруашылығы колледжінің директоры:

-Әскерге барғанда ҰОС ардагерлері, ата- бабаларымыздан үлгі алып өстік. Сол бізге күш берді. Сондықтан қазіргі жастарға да сеніміміз мол.

 

Жастар да аға буынның ерлігін мақтан тұтады.

 

– Олар үлкен жолды жүріп өтті. Олардың біз үшін істегені ол нағыз ерлік. Олардан біз үлгі-өнеге аламыз.

– Біз бүгін, бейбітшілік үшін күрескен ардагерлерге алғысымызды айтуға келіп отырмыз.

 

Жиын соңында жас толқын ардагерлерге шағын концерт ұсынды.

 

Мағжан Ахмадина