Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Самат Ескендіров Үкімет отырысында өңірде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады

 

 

Жиында облыстар пен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалды. Яғни, Елбасы жүктеген міндеттер мен мемлекеттік бағдарламалардың өңірлерде жүзеге асу барысына облыс әкімдері тоқталды. СҚО жетекшісі Самат Ескендіров аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайынан хабардар етті.

Соның ішінде өңірдің жалпы ішкі өнімі, сырттан қаржы тарту, “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының жүзеге асуы, автомобиль жолдарының жағдайы, білім және денсаулық сақтау салаларының дамуына тоқталды. Айта кетсек, мемлекет меншігіне 3 балабақша қайтарылды, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үшін 1 мың орынға шақталған балабақша ашылды. Нәтижесінде бүгінгі күні балалардың 92 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл өткен 2013 жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқандығын көрсетеді. Жергілікті бюджеттен бөлінген ақшаға ауылдық мектеп бой түзеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда жалпы білім беретін екі мекеменің құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде 720 орынға шақталған Назарбаев зияткерлік мектебі. Апатты деп танылған білім ошақтарында да проблемалар шешілуде. Ағымдағы жылы облыстық қазынадан бөлінген қаражатқа ауылдық мектеп салынады. Ол 90 орынға шақталмақ. Қаржының өсуіне байланысты денсаулық сақтау саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Ана өлімі азайды. туберкулезбен ауыратындардың қатары да сейілген. Биылғы жылы 250 адамға арналған 4 аудандық емхана қолданысқа беріледі. Екі қолға бір күрек іздеп жүрген азаматтардың 29 мыңы жұмыспен қамтылған. Өңірде жалақы 8 пайызға өсіп, 74 мың теңгені құрап отыр.

 

Бану Ахметова