Білім

Планшеттер мен смартфондар сабақтарда пайдаланылады

 

Сабақтарды шетелде арнайы курстрадан өтіп, біліктілігін арттырып келген аға оқытушылар жүргізіп жатыр. Институт қабырғасында ұйымдастырылған бірінші ашық сабаққа оқуы орыс тіліндегі мектептердің тарих пәнінің мұғалімдері қатысуда. Жаңа технологияның тетігін үйреніп алу үшін ұстаздар шалғайдағы аудан, ауылдардан жиналды. Бақыт Қалиев Айыртау ауданынан келген. Өмірдегі ұстанымы: “Жаңа бағыт, жаңа заманға көшпен бірге ілесіп жүру”. Сондықтан ол күнделікті жұмысымда пайланып жүрген компьютерден басқа енді “Самсунг” компаниясынан шығарылған соңғы үлгідегі сенсорлы ПК планшетін қолдануды үйреніп алу қажет дейді.

 

Құсайын Жылқышиев, Айыртау орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

-Планшеттік компьтерлерде жұмыс істеу мұғалімдерге, әсіресе тарих пәнінің мұғаліне өте маңызды деп есептеймін. Себебі ауылдық жерлерде тарихи жәдігерлер қойылған мұражайлар жоқ. Ал, оның барлығы мына планшетте бар екен. Мысалы, Ұлы Жібек жолын алатын болсақ, оның бойында орналасқан қалалар, онда саудаланған тауарлар мен олар туралы мәліметтерді алуға болады.

 

Оңтүстік Корея, Америка, Ұлыбритания, Австралияда осы электрондық оқыту жүйесі күнделікті тәжірибеге айналған екен. Балабақшадан бастап, ересек адамдарға дейін осы жүйеде жұмыс атқарып жатыр. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін біліктілікті арттыру институтының маманы Айтбибі Өркешова көп жылдан бері зерттеп жүр.

 

Айтбибі Өркешова, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ” директорының орынбасары:

-Шетелдерде бұл күнделікті құрал деп айтып отырсақ. Енді біздің мұғалім ақпараттық коммуникациялық технология бойынша бүгінгі күні әлемдік стандартқа сай болуға тиіс. Сондықтан да біз өзіміздің институтымызда қысқа мерзімді 72 сағаттық курстарда ақпараттық коммуникацияға міндетті түрде 8-10 сағат бөлеміз. Оның ішінде 2 сағат планшетпен жұмыс істеу.

 

Қазақстандағы аталмыш ақпараттандыру кезеңін біртіндеп білім беру саласына енгізу 2011 жылдан бастау алды.

 

Айтбибі Өркешова, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ” директорының орынбасары:

-2011-20 жылға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында осы бағытқа ерекше көңіл бөлінген еді. Сондықтан 2015 жылы барлық қазақстандық мектептердің 50 пайызы осы модельді пайдаланатын болады. Және ол меже 2020 жылға дейін 90 пайызға өседі деп бағдаламада көрсетілген.

 

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының білгір мамандары жаңа құрал оқушының білім сапасын және мотивациялық деңгейін, пәнге деген қызығушылығын көтереді дейді.

 

Құсайын Жылқышиев, Айыртау орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

-Қазіргі заманғы мектепте оқушылар, мұғалімдер көшке ілесіп жүруіміз керек. Енді 30 дамыған елдің құрамына кіреміз деп жатырмыз. Сол себепті осы әр түрлі интерактивті тәсілдерді бірте-бірте үйренген ол бәріне де түбінде үлкен пайда келтіреді деп ойлаймын.

 

Мектептегі еңбек өтілі 30 жылдан асқан мұғалімдер сенсорлы планшетті үйреніп алу бастапқыда әрине сөзсіз қиындық тудырады, бірақ, біз қалайда көштен қалмаудың барлық амалдарын қарастырамыз деп отыр. Осы сынды модульдік оқытулар енді институт қабырғасы мен мектептерде жиі өтіп тұратын болады. Өйткені, қазақстандық мектептердің 50 пайызы осы модельді 2015 жылға дейін толығымен игеріп алу міндеті тұр.

 

Берік Қасен