Билік

Облыстық әкімдік пен өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында меморандумға қол қойылды

 

 

Доллардың шарықтауы отандық тауар өндірушілердің өнімдерін дамытуға жол ашып отыр. Сондықтан жергілікті өнімге деген баға сол қалпында қалуы керек. Бүгін өңір кәсіпкерлері нарықты сапалы, әрі оңтайлы бағада ұсынылатын тауарлармен қамтамасыз ету жөніндегі өтінішті қабылдады. Әрине бұл тұрғыда кәсіпкерлерге жергілікті билік өкілдерінің көмегі де керек-ақ.

 

Геннадий Зенченко,«Зенченко и К»КС директоры:

– Бізде ыдыс, қораптар мен фольга бәрі бар. Бірақ шикізаттың 30 пайызы Ресей, Германия және Голландия елдерінен алынады. Сондықтан біз бүгін 20 наурызға дейін меморандум жасастық.

 

Меморандумға қол қойғандардың арасында ет, сүт, макарон, көкөніс, май және жұмыртқа өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. Құжатқа сай енді жергілікті әкімдік тауар қорын мониторингке алып, тасымалдаушылармен туындайтын мәселелерді шешуге көмектесетін болады. Онымен қоса билік өкілдері негізсіз баға өсімін де қадағалап отырады.

 

Қайрат Бекенов, СҚО әкімінің орынбасары:

– Бүгін жергілікті тауарөндірушілер ел ішінде өнім бағасын бірқалыпты ұстап тұру жөнінде өз ойларын білдірді. Тауар құны өзгермейді, ол меморандумда қарастырылған. Бұл істі ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармалары қадағалайды. Әркім өз жұмысын атқарады. Бірі базардағы бағаны бақыласа, екіншілері кәсіпкерлермен жұмыс істейді.

 

Меморандум нәтижелері апта сайын облыстық штабтың отырысында сарапталады.

 

Мағжан Ахмадина