Дәрі-дәрмек бағасы бақылауда

Денсаулық сақтау

19:45 14 Ақпан 2014

Доллардың шарықтауы дәрі-дәрмектің қымбаттауына әкеле ме?. Бұл сұрақ халықты мазалайтыны рас. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған ақпраттық талдау орталығының мамандары тұрғындар күдігін сейілтіп отыр.

Наиля Почивалова, ҚР ДСМ “Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” аймақтық бөлімінің басшысы:

-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, «СК- Фармация» ЖШС 2014  жылға қажетті амбулаторлық науқастармен қоса стационарлық науқастарды да қамтамасыз етуге жетерлік дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу толыққанды жүргізілді. Тегін босатылатын дәрілер бойынша мәселе туындамайды.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, өмірге қажетті дәрі-дәрмектер бағасының кенет көтерілуінің алдын алу мақсатында республикамыздың ірі дәріханалық мекемелерімен меморандум жасалған.

Наиля Почивалова,ҚР ДСМ “Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” аймақтық бөлімінің басшысы:

-2013 жылы денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізген. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектерді сатып алуда қатаң қадағалаулар бар.

Соңғы екі жылда дәрілік заттарды сатып алу бағасы жоғарыламаған. Мамандардың айтуынша, бұл отандық фармацевтикалық индустрияның дамуының арқасында мүмкін болып отыр. Қазіргі таңда қазақстандық дәрі-дәрмек шығаратын мекемелер елімізді үздіксіз препараттармен қамтамасыз етіп отыруға қауқарлы.

Мағжан Ахмадина