Қоғам

Ауған соғысы ардагерлеріне мерекелік медальдар тапсырылды

 

Айтулы датаға орай салтанатты шарада Ауған соғысында жан аямай алысқан жауынгер-интернационалистердің 18-не “Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл” мерекелік төсбелгілер тағылып, құрмет көрсетілді. Ізетке бөленген азаматтың бірі – Бауыржан Досжанов. Бастапқыда ол әскер қатарына шақырылып, кейін Кабул қаласындағы майдан шебіне аттанып кетіпті. Ардагер қазірде Петропавл әскери институтында болашақ офицерлерге дәріс беруде.

10 жылға созылған Ауған соғысына елімізден 22 мыңнан аса сарбаз аттаныпты. Қазірде солардың тек 14 мыңы ғана қалған көрінеді. Сондықтан да бейбіт ел ұрпақтарының басты міндеті соғыс көрген жауынгерлерге құрмет көрсету. Кеш соңы Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған концерттік бағдарламаға жалғасты.

 

Бақыт Сәдуақасов