Бизнес және экономика

Ақпанның 15-нен алкоголь өнімдерінің бағасы қымбаттайды

 

15 ақпаннан бастап Үкімет қаулысына орай алкоголь өнімдерінің бағасы өседі. Мамандардың айтуына қарағанда арақ-шараптың бастапқы құны 1999 жылдан бері өзгеріске түспеген. Бүгіндері тұрғындар жарты литр арақтың ең арзанын 320 теңгеге сатып алатын болса, енді оның құны 560 теңге деп бекітілді. Бұл ережеден ауытқыған кәсіпкерлер жауапқа тартылады. Арақ сататын дүкендер мен өзге де сауда орындарындағы заң талабының орындалуын салық органдары тікелей бақылауларына алмақ.

 

Лилия Әбілева, Петропавл қалалық салық басқармасының бас маманы:

-Егер арақ-шарап саудалайтын орындар ҚР Үкіметі бекіткен алкоголь өнімдерінің бағасынан төмендетіп саудаласа, “Әкімшілік құқықбұзушылық” Кодексінің 163 бабы, 3 пункті бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

 

Алкоголь өнімдеріне қатысты заң талаптарын сақтамаған шағын бизнес иелеріне 150 АЕК көлемінде, ірі көлемде арақ-шарап саудалайтын кәсіпкерлерге 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.

 

Бақыт Сәдуақасов