Денсаулық сақтау

Онкодиспансерге бірегей диагностикалық құрылғы сатып алынды

 

Америка Құрама Штаттарында жасалған заманауи қондырғы обыр ауруының белгілерін анықтап, кейін жағдайды бақылауда ұстап тұруда таптырмас құрылғы. Оның көмегімен науқастың қай ішкі мүшесі асқынғандығы туралы жедел ақпарат алуға болады.

 

Ирина Кулиш, рентген-лаборант:

-Алдымен, адамды қондырғыға лазер бойымен қатаң орналастырып жатқызу қажет. Кейінгі үрдіс аяқпен, болмаса қолмен басқарылады. Тексеріс кезінде ультракүлгін сәулелер адам денсаулығына еш зиян келтірмейді.

“Оптима 660” компьютерлік томографының құны 320 млн теңге болады. Қатерлі ісіктің ошағын жылдам әрі нақты анықтайтын мұндай қымбат қондырғы бүгінде Жамбыл, Ақмола облыстарында және біздің өңірде ғана бар.

 

Ольга Пукси, облыстық онкологиялық диспансердің рентгенолог дәрігері:

-Өте ыңғайлы компьютерлік аппарат. Қазіргі таңда емханалардың көпшілігінде 16 және 30 кескінді компьютерлік томограф орнатылған. Ал мына 64 кескінді компьютерлік томографтың көмегімен асқазан қылтамағы мен өкпе обырын нақты табуға мүмкіндік туып отыр.

 

Облыста өкпе обыры ең көп тараған аурулардың бірі саналады. Сүт безінің қауіпті ісіктері 11 пайыз, асқазандағы онкологиялық өзгерістер 9 пайызды құрайды. Науқастардың көпшілігі дерттері асқынып кеткен жағдайда ғана дәрігерге көрінеді. Мамандар жаңадан түскн құрылғылар жұмысымызды жеңілдетеді деп отыр.

 

Ермек Әбдірімов, облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері:

-Бұл аппараттың ерекшелігі – ең терең тексеретін аппараттардың бірі. Өйткені бұл 2013 жылы шыққан аппарат. Бізге керегі тек қана диагноз қою емес, обырдың қай жерде тұрғанын, қандай қиындықтар бар, емдеуге, соның бәрін алдын ала көрсетеді, емдегенде біз оған жоспар жасаймыз.

 

Заманауи қондырғы ақпан айының аяғында іске қосылмақ. Онкологиялық тіркеуде тұрған науқастар оның көмегімен тегін түрде, ал денсаулығын алдын-ала тексеремін деушілер ақылы тексеруден өте алады.

 

Бақыт Сәдуақасов