Билік

Облыс әкімі бірқатар сауда орындарын аралады

 

Ең алдымен аймақ басшысы Самат Ескендіров «Семейный» гипермаркетін аралады. Өңір жетекшісі сауда орнындағы азық-түлік пен тауар бағаларын бақылады. Жалпы сүт, макарон өнімдері, күнбағыс майы, нан, көкөніс сынды әлеуметтік маңызы бар тауарлар құны сол қалпында қалмақ.

 

Андрей Исаков, «Семейный» гипермаркетінің директоры:

-Біз әзірше бағаны сол қалпында ұстап тұрмыз. Өзгерту де ойымызда жоқ. Оның үстіне сауда нүктесіндегі бар өнімдер қоры әлі біраз уақыт тауар құнын сол күйінде сақтап тұруға мүмкіндік береді. Тұтынушылар тарапынан да ешбір дүрбелең байқалмайды.

 

Бұдан кейін облыс басшысы «Северный» супермаркетіне ат басын бұрды. Мұндағы бағалар да сол күйінде сақталған.

 

Вера Щербакова,«Северный» супермаркетінің әкімгері:

-Тауар құны көтерілген жоқ. Десе де бізге тасымалдаушылар баға өседі деп хабарлады. Бірақ облыс әкімі бұл жайды реттеймін деп уәде берді.

 

Сауда орталықтарын аралаған өңір жетекшісі Самат Ескендіров бағаның шарықтауына жол бермеу керектігін айтты. Сондықтан күн сайын бірінші кезекте халық тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп отырады.

 

Мағжан Ахмадина