Салық басқармасы

Ақпанның 25-інде жер учаскесін жалға алған азаматтар үшін салық төлеу мерзімі аяқталады

 

Любовь Комолкина салық басқармасына жер салығын төлеуге келіпті. Оның иелігінде 2 гаражы бар. Зейнеткер қарызды жинамай, барлық төлемдерді уақытылы жасаймын дейді.

 

Любовь Комолкина, зейнеткер:

-Мен бүгін меншігімдегі 2 гараждың салығын төлеуге келдім. 10 жылдай уақыт болды, мемлекетке тиісті салығымды дер кезінде өтеп тұрамын. Мемлекет алдында борышым жоқ, қарыз болғым да келмейді. Осы жолы ақпаннның 25-не дейін есеп айыру керек дегенді естіп, келдім.

 

Сондай-ақ жеке тұлғалар мүлік салығын өтеулері тиіс. Бұл төлемге жалға берілетін тұрғын үйден түсетін кіріс жатады. Сондықтан жеке тұлғалар салық басқармасына өздерінің кірістері жайында декларацияларын тапсырып тұрулары тиіс.

 

Данияр Ералин, жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы:

– Жеке кіріс салығы мүлік кірісінің 10 пайызын құрайды және оны сәуір айының 10-на дейін төлеп құтылу керек. Бюджетті толықтыру мақсатында салық органы мүлік кірісі және мүлікті сату мен жалға беруден түскен пайданы өндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде, ал төлемеген азаматтарға ескерту жасалып, тиісті шаралар қолданамыз.

 

Фискальды орган мамандарының ақпаратына сүйенсек, қалада 4686 жеке тұлғаның иелігінде жер учаскелері бар көрінеді. Салықты уақытылы төлемегндерге айыппұл салынады.

 

Бақыт Сәдуақасов