Балалар

Қолөнер бұйымдарының көрмесі

 

 

Қазақ мектеп гимназиясының оқушысы Аружан Серханқызының тауыс картинасы қазылар алқасының назарына бірден ілікті. 7 сынып оқушысы қолданбалы өнер бұйымын жасап шығу үшін 6 айдан астам уақыт еңбектенген.

 

Аружан Серханқызы, қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:

-Мен сабақтың үстінде емес, сабақтан тыс уақытымда, бос уақытымда, үйіме алып кетіп тігіп отырамын. Бұл құс маған ұнаған себебі түс үйлесімі жақсы және де бұл павлин өте әдемі құс, сондықтан мен осы құсты тіккім келіп, осы құсты таңдадым.

 

Бүгінгі қолданбалы өнер көрмесіне Ғ. Мүсірепов ауданының Новоишим қазақ-орта мектебінің ұжымы 30-ға тарта қолөнер бұйымдарын қойған. Туындылардың дені ағаш пен сүйектен өрілген оюлар, металдан жасалған бұйымдар мен көркемсурет туындылары. Оқушылар астауды 1 айда жасап шығарса, ал ең жылдам әзірленгені – мына шоқпар. Ол 2-3 сағатта дайын болыпты. Бұйымдардың барлығы көздің жауын алады.

 

Көшербай Қасымов, Новоишим қазақ-орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі, Ғ. Мүсірепов ауданы:

-Қайың ағашынан жасалған. Астау қазақ халқы бұрыннан, ерте заманнан бастап жасап келе жатқан құндылықтардың біріне жатады. Астаудың жанында тұрған ожаулар сорпа құюға, қымыз құюға арналған. Мына жерде кішкентай ожаулар бар.

 

Қолданбалы қолөнер бұйымдарының бүгінгі көрмесіне қала мен 9 ауданның мектептері 700-ге тарта бұйымдарын жеткізген екен.

 

Елена Сафинова, қазылар алқасының мүшесі:

-Қолөнер бұйымдарының байқауы дәстүрлі түрде осымен 12 жыл өтуде. Биыл оған қатысушылар саны көбірек. Көрмеге ұсынылған заттарды оқушылар мұғалімдердің көмегімен дайындаған. Барлық жұмыстар асқан шеберлікпен орындалған. Сондықтан да төрешілерге байқау жеңімпаздарын анықтау оңайға тимесі анық.

 

Жеңіске жеткендері Астана қаласында өтетін “Бабалар мұрасын сақтап, көбейтеміз” атты байқауына жолдама алады.

 

Бақыт Сәдуақасов