Билік

Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауға алынды

 

Доллар шарықтап жатқанда баспана, көлік, өзге қызмет түрлерін былай қойғанда, ең бастысы, азық-түліктің жайы не болмақ деген сұрақ туындауы мүмкін. “Тайга” базарына барып, тұрғындармен сөйлескен Самат Ескендіров солтүстікқазақстандықтардың күмәнін бірден сейілтті. Бізде азық-түлік қымбаттамайды деді өңір басшысы. Өйткені, нан мен сүт, ет пен май, жұмыртқа дегендей бірінші кезектегі өнімдердің көпшілігі өзімізде өндіріледі.

Жанар-жағармайдың бағасы да бақылауда. Осы орайда Самат Ескендіров Қаттай Кеншінбаев көшесіндегі “Бахыт” жанар-жағармай құю станциясында болды. Сол сәтте бұл бекет жұмыс істемей тұрды. Самат Ескендіров сол жерде бірден “ҚазМұнайГаз” компаниясының СҚФ директоры Саят Әшімовпен телефон арқылы әңгімелесіп, жағдайды білді. Жалпы, бензин қоры жеткілікті. Ал, бұл станцияның жұмыс істемей тұрған себебі, онда жөндеу жүріп жатыр.

Бұдан кейін, Жамбыл көшесі бойындағы тағы бір “Бахыт” бекетіне ат басын бұрдық. Мұндағы жағдай бір қалыпты.

 

Сергей Горяинов, “СК Бахыт-Мунай” ЖШС ЖЖҚС кешенінің басшысы:

-Алдағы уақытта бензиннің құны қымбаттамайды. Үкіметтің рұқсатынсыз біздің өз еркімізбен бағаны көтеруге құқығымыз жоқ. Қазір Аи – 92 -115 теңгеден, ал дизель отыны 102 теңгеден, яғни бұрынғы бағаларымен сатылып жатыр.

 

“Бахыт-Мұнай” кәсіпорнының өкілдері бензин қоры жеткілікті деп сендірді. Аи-92-ң – 143 тоннасы, Аи-80-ң – 73 тоннасы, дизельдік отынның 43 тоннасы бар. Бұл шамамен 2 аптаға жетеді.

 

Данаш Хамзина