Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ел театрларында еңбекақы төмен, мамандар жеткіліксіз

 

Қоғамның айнасы іспеттес театр өнері 2,5 мың жыл бойы адамзат тарихымен бірге біте қайнасып келеді. Бүгінде елімізде ұлт руханиятының алтын діңгегіне айналған 53 театр бар. Отандық қара шаңырақтарымыздың тоғызы республикалық маңызға ие. 20-сының іргесі тәуелсіздік жылдары қаланыпты. Өзгесі кеңес үкіметі кезінде салынған. Мәселен өңірлердегі басты мәдени ғимараттардың 80 пайызы 30 жыл бойы жөндеу көрмеген. Облыстардағы рухани азық мекендерінің материалдық қамсыздануы да сын көтермейді. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министірінің баяндамасында маман тапшылығы мәселесі де көрініс тапты. Әсіресе жас сахна саңлақтары жетіспейді. Жергілікті театрлардың біршамасында бас режиссер жоқ. Бұл СҚО-да тікелей қатысты айтылған сын. Бұны Мұхтар Құлмұхамет өнер майталмандарының еңбегі төмен бағаланатынымен байланыстыруда. Бүгінде актерлердің орташа жалақысы 50 мың теңгенің шамасында ғана. Тым төмен айлық баспана жалдап тұруға да жүк салуда. Соңғы рет 2010 жылы өңіріміздің театр қызметкерлерінің бірқатары үкімет есебінен баспаналы болыпты. Өзге аймақтарда да өткен жылдары аталмыш кәсіп иелеріне бір де бір пәтер кілті табысталмаған көрінеді. Сондай-ақ үкімет отырысында гастрольдерге шығу жағы сиреп кеткендігі сөз болды. Республикалық сахна төрінде ойналатын қойылымдардың әрбіріне шамамен 2 млн теңге жұмсалады екен. Өңірлік театрларға одан 10 есе кем қаржы бөлінеді. Бұдан сахналанған туындының көркемдік сапасы ақсап жатады. Елбасы жолдауында ұзақ жылға еліміздің мәдени саясатының тұжырымдамасын құруды жүктеген болатын. Құжат күрмеулі мәселелердің түйінін заңды түрде босатуды көздейді. Премьер-Министр Серік Ахметов маңызды жобаны жасауда аталмыш сала жанашырлары, министрліктегілер мен өңірдің атқамінерлеріне ұсыныстар түсіруді жүктеді. Селекторлық байланыс үзілген соң   театрларды дамыту мәселесі жергілікті деңгейде талқыланды. Бүгінде облысымызда үш бірдей театр жұмыс істейтіні белгілі. Аталмыш өнер ошақтарында қордаланған мәселелер жоқ емес бар.

 

Рүстем Бикенев, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Жалақылары төмен, маман тапшылығы, баспана жетіспеушілігі әлі тым өзекті болып тұр. Өңір театрларының жалпы бюджеті 300 млн теңге шамасында. Үшіеуінің де ғимараты ескі. Құрылғылардың тозығы жеткен. Бүгінде жөндеу жұмыстарының жобалық- сметалық құжаттамалары әзірленуде.

 

Бүгінде облыстағы жалғыз қазақ тілді қара шаңырақ С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында бас режиссер жоқ. Өңір жетекшісі бұл тапшылықтың орны қайтып толтырылып жатқандығын сұрастырды.

Самат Ескендіровті өнер иелерінің жалақы мәселесі де қызықтырды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі көтерілген әр мәселе назарға алынатындығын жеткізді.

 

Жеңіс Ермұқанов