Спорт

Баскетболдан әйелдер арасындағы чемпионат

Жарыс алаңына бірінші болып “Молодость” және “Петропавл” командалары шықты. Баскетбол добы қара және ақ түсті киім киген нәзік жандылардың қолында үздіксіз алма-кезек ауысып отырды. 4 кезеңдік тартыста “Молодость” құрамасының баскетболшылары қарсыластарының сақинасына допты барынша мол кіргізіп, есепті еселей түсті. Ақыр аяғында “Молодость” ойыншылары жеңіске жетті.

 

Анастасия Варганова, жарысқа қатысушы:

-Баскетболдан өтетін жарыстарға мүмкіндігінше қатысып отырамын. 2 жыл бойы қала ішіндегі баскетбол тартыстарында ешкімге дес берген емеспіз. Алдыңғы орындардан көрініп те жүрміз. Командамыз кәсіби ойыншылардан жасақталған.

 

Баскетболдан әйелдер арасындағы қала чемпионаты үш күнге жалғаспақ. 7 команданың басын біріктірген тартыста әуесқой ойыншылар да өнер көрсететін болады.

 

Жанат Мұхаметгалеев, Петропавл қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

-Нәзік жандылар арасындағы баскетбол чемпионатында жеңіске жеткен ойыншылардың барлығы марапатталатын болады. “Қатысамын” деп ниет білдіргендердің жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ. Чемпионат жыл сайын өтіп тұрады.

 

Сайыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткендерге медаль, диплом және кубоктар табысталады.

 

Бақыт Сәдуақасов